Ақпараттық түсіндіру тобының мамандары Қарақия ауданының аумағында орналасқан «OCC» ЖШС, «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС, «OSC» ЖШС және «Вест Ойл» ЖШС өндірістік кәсіпорындарында мұнайшылардың дін төңірегінде туындаған сауалдарына жауап берді.
Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының» исламтанушы маманы А.Найзабаев «МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН» тақырыбы аясында баяндама жасап, діни мәдениетті оқыту, қолдау және мемлекет пен діни бірлестіктер арасында теңдікті сақтау, ғылым мен дінді ымыраластыру т.б. мәселелерге тоқталды.
Сонымен қатар, орталық маманы қоғамдағы діни ахуал жəне кереғар діни ағымдардың зардабынан сақтану жайлы мәліметтер берді. Дәстүрлі ислам мен теріс ағым жайында кеңінен түсіндіре келе, айырмашылықтарына тоқталып, сәләфилік ағымның шығу мен қоғамға тигізер зияны жайында кеңінен түсіндіріп өтті.
Пікірлер