Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Семей: Аягөз қалалық мешітінде Құран жарысы өтті
17 шілде, 2019 жыл 145 Басып шығару нұсқасы

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында жазғы демалыста дәріс алушы шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды.Орталық мешітімен қатар «Жаңауыл», «Қазығұл ата» мешітінен 30-шы парамен қоса шәкірттер ұстаздары жаттатқан сүрелерді жатқа оқып, өз ынталарын көрсетті.

Алғашқы сөз алған мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы шәкірттерге қасиетті Құранның құндылықтары жайлы баяндап, сәттілік тіледі. Мешіттің наиб имамдарымен ұстаздары қазылық етіп, шәкірттер бағасын берді.

Бас жүлде Айбек Қабдешов, І – ші орын – Аяна Шалқарқызы, ІІ – ші орын Нұриллә Дәулетқызы, ІІІ – орын Аңсар Мәулітхан иеленді.

Сонымен қатар «Көркем ырғақ», «Әуезді дауыс», «Құран қағидасы» номинациялары бойынша жүлдегерлер анықталды. Жеңімпаздарға сыйлық, қатысушыларға балмұздақ, тәттілер таратылды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары