Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Дулат Қалығұлов халықаралық "алтын белгі" жеңімпазы атанды
05 шілде, 2019 жыл 180 Басып шығару нұсқасы

"VI Республикалық Құран сайысының" 1 орын иегері, қазақ даласына 14 жасында-ақ аты шыққан жас қари  Жамбыл облысының тумасы Дулат Қалығұлов қазақ елінің туын асқақтатып, әлем елдерінің ішінде басты жүлдеге ие болды. 

Ол Түркия мемлекетінде өткен Халықаралық Құран сайысында "алтын белгі" иегері атанды. Аталған жүйріктер додасына Мысыр, Сирия, Бахрейн, Сауд Арабиясы, Йемен, Индонезия, Малайзия сынды алпауыт мемлекеттерден келген 630 үміткер қатысты. Әлеуметтік деңгейге ие "алтын белгіні" қанжығаға байлаудың шарттары да оңай болған жоқ. Білікті, әккі Құран мамандарының алдында 12 түрлі сұраққа жауап беріп, Алланың Кәләмін кез келген жерінен мүдірмей оқып, ол аяттың тарихына дейін білу керек-ті. Сыннан сүрінбей өтіп, нақты толық 100 ұпайды жинаған қатысушылар ғана осы атаққа ілінбек. Міне, дәл осы "алтын белгіні" 630 қатысушының арасынан 10 бала  иеленсе, соның біріншісі болып біздің Дулат тұр. Одан кейінгі орындарда араб елінен келген қарилар тұр. Жас қазақстандық барлық қатарластарын басып озып, арабтармен текетіресіп, ата-анасының, күллі қазақ даласының үмітін ақтады. 

Аталған құрмет грамотасын Түркия елінің министрі табыстап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар жеңімпаздардың ішінен Дулат Қалығұлов осы республикадағы "Hilaliye erkek Kur'an Kursu" университетінің ашылу салтанатына арнайы шақырылды. 

Осындай айтулы жеңісінің құрметіне облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде қасиетті жұма күні жас қариге құрмет көрсетілді. Тараз қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Ғазиз Ахметов жамағат алдында Дулаттың ерлігін тілге тиек етіп, "алтын белгісімен" құттықтады. Көпшілік шын жүректен қуанышын жеткізіп, осындай білімді қарилардың көп болуын тілеп, бата берді. 

Айта кету керек, "алтын белгі" бұл - әлеуметтік статусқа ие, Құран жаттаушының деңгейін білдіретін құжат. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары