Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ: ЕЛОРДА — ЕЛДІГІМІЗ БЕН ЕГЕМЕНДІГІМІЗДІҢ АЙНАСЫ
05 шілде, 2019 жыл 91 Басып шығару нұсқасы

 

Құрметті бауырлар, ардақты ағайын!

Баршаңызды Елорда күнімен құттықтаймын! Əр отбасына бақыт пен береке тілеймін.
Елорда — елдігіміз бен егемендігіміздің айнасы. Жаңа астанамыз санаулы жылдарда күллі әлемге бейбітшілік пен бірліктің, татулық пен келісімнің киелі ордасы ретінде танылды.

Арқа төсінде Елбасының қамқорлығымен республикалық "Əзірет Сұлтан" мешіті салынып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас кеңсесі бой көтерді. Аллаға шүкір, Елордадағы еңселі мешіттердің қатары жыл сайын артып келеді.

Əйгілі ғұлама, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің: «Шынайы бақытқа жеткізетін істерде тұрғындары өзара көмектесу мақсатын алға қойған қала қайырымды қала болып табылады, ал азаматтары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам – қайырымды қоғам», — деген қанатты сөзі бар.

Жас мемлекетіміздің жаңа астанасы қайырымды қалаға айналып, қоғамда игі құндылықтардың салтанат құруына тілектестігімді білдіремін.

Мереке құтты болсын, ағайын! Алла Тағала тəуелсіздігімізді баянды еткей! Əмин!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары