Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қазақстанда 180 колледж бен 20 ЖОО ашылады - Мемлекет басшысы
05 шілде, 2019 жыл 110 Басып шығару нұсқасы

Алдағы үш жыл ішінде елімізде 180 колледж бен 20 жоғары оқу орны ашылады. Бұл туралы бүгін елордада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Таяу үш жылда 180 коллежд бен 20 алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны құрылады. Біз республикалық бюджеттен бұл мақсатқа тек алғашқы кезеңнің өзінде 58 млрд теңге бөлеміз. Бұл - шамамен 150 млн доллар. Басты мақсат - отандық және шетелдік серіктестерді белсенді тарта отырып, білім беру бағдарламасын айтарлықтай жаңарту және жаңғырту», - деді ҚР Президенті. Осы орайда Қ.Тоқаев білім экономиканың бір саласы деген пікірмен толықтай келісетінін баса айтты. «Жетекші әлемдік оқу орындарымен стратегиялық серіктестікті белсенді дамыту қажет. Білім беру World skills әлемдік стандартына сай болуы тиіс. Біз халықаралық серіктестерге, оның ішінде Еуропалық қайта құру және даму банкіне, Ernst&Young, PWC-ге бұл мәселеде сарапшылық қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіреміз. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған колледждер базасында жедел кадр дайындау және қайта дайындау үшін құзірет орталықтарын құру керек», - деді Қ.Тоқаев. 

Мемлекет басшысы шетелдік инвесторларды аталған процеске белсене қатысуға шақырды. «Біздің кеңестің шетелдік инвесторларына бұл жұмысқа белсене қатысуды ұсынамын. Қазақстан Үкіметіне шетелдік тараппен бірге өзара ынтымақтастықтың өте маңызды бағыты бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын», - деді ҚР Президенті.



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары