Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматылықтардың аманаты Арысқа жеткізілді (ФОТО+ВИДЕО)
04 шілде, 2019 жыл 117 Басып шығару нұсқасы

Маусым айының 29-жұлдызында Алматы мешіттерінің ұйымдастыруымен төтенше жағдайдан зардап шеккен арыстық ағайынға көмек ретінде «Арысқа жылу» қайырымдылық керуені Алматы Орталық мешітінен жолға шыққан болатын.

Тамыз айының 1 күні Алматы Орталық мешітінің қызметкерлері мен еріктілер тобы  қайырымдылық керуенін, Арыс қаласына дін-аман жеткізді.

Қайырымдылық керуенін бастап барған Алматы қалалық Орталық мешітінің наиб имамы Ашимов Қасым арыстық ағайынға ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек Керімбекұлы мен Алматы жұртшылығының ыстық сәлемін жеткізіп, аманатты иелеріне табыстады.

Арыс қаласының тұрғындарына бұзылмайтын азық-түлік, тұрмысқа қажетті киім-кешек, көрпе-төсек, гигиеналық заттар үлестірілсе, ал қайырымдылық науқанында жиналған қаржы тұрғындардың мұқтаждықтарын өтеу үшін табысталды.

Ел басына күн туғанда бір-біріне болысып, көмек қолын созған ұлтымыздың кең пейілі мен жомарттығы қашанда баршамызға үлгі-өнгеге болса екен деп тілейміз.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары