Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атырау: Облыс өкілі бастаған делегация Арыста
03 шілде, 2019 жыл 129 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, мұнайлы өлкенің бас имамы Батыржан Мансұров бастаған делегация апаттан зардап шеккен Арыс халқына арнайы барып, басу айтты.

Құрамы Атырау қалалық Құспан молла мешітінің наиб имамы Назарбай Абдураманов, Әт-Тақуа мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов  және Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаевтан тұратын делегацияны алдымен мүфтияттың Түркістан өкілдігі қарсы алды. Кейін делегация Арыс қаласына барып, тосын апаттан жапа шеккен тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров Арыстағы апаттың күлі қазақстандықтарды біріктіргенін атап өтті. «Отандастарымыздың басына түскен апатты жағдайға барша қазақстандық бірге қиналып отыр. Осындай ауыр жағдайларда әр мұсылман баласы жақсылық жолында бірігуге дайын тұруы керек. Адам басына қиындық түскен кезде, сабыр сақтай білу маңызды. Алла Тағала бір қиындықтың артын бір қуанышпен сүйіншілейді. Жақсылықтан үміт үзбеңіздер»,- деген Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров еліміздің тыныштығы жолында дұға жасады.

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігіне қарасты аймақтағы 31 мешіттің имамдары қайғылы жағдайға ортақтасып, өзара қаражат жинады. Сондай ақ, Атырау қаласына қарасты мешіт жамағаты арасында «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылып, жиналған сома осылайша арыстықтарға тапсырылып отыр.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары