
ҚМДБ-ның Семей өңірі өкілдігінің ұйымдастыруымен Семей Орталық мешіті мен Төкеш Ыбырай мешітінде балаларға арналған жаздық сауат ашу курсы өтті. Бір ай бойы балаларға діни білім берумен бірге олардың уақытын пайдалы әрі қызықты өткізу үшін көптеген шаралар жасалды. Соның бірі - «Менің сүйікті мешітім» тақырыбында сурет сайысы, шырын мен жеміс салатын жасаудан және басқа арналған әсем шеңбер жасаудан шеберлік сағаттары өтті.
Мешіт ұстаздары балалардың бойына ата-анаға, жасы үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, ұстаздарды сыйлау, қоғамға және еліне пайдалы азамат болу сияқты ізгі қасиеттерді сіңіруге барынша тырысты. Жаздық сауат ашу курсынан жас шәкірттер қуанып, әсерленіп қайтты.
Пікірлер