Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қажылық миссия мүшелерінің алғашқы отырысы өтті
01 шілде, 2019 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ қажылық және ұмраға байланысты жұмыстарды үздіксіз жүргізіп келеді. Бес парыздың бірін өтеу жақындаған сайын тірлік те қыза бастайды. Бұл жолы биылғы «Қажылық-2019 маусымына» байланысты алғашқы алқалы отырыс өтті.

Жиын барысында ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев қажылықтың мәніне тоқталып, алдағы сапарға сараптама жасады. Оның ішінде 4 бағытқа ерекше тоқталды. Ол ұйымдастырушылық, уағыз-насихат, ақпарат және дәрігерлердің жұмысы. Елімізден қажыларды апаратын 18 компанияның дәрігеріне басшылық жасап, жұмысын ретке келтіретін құрам анықталды. Өйткені елден баратын 3200 қажының денсаулығына қарау ақ халаттыларға жүктелетіні рас.

Одан бөлек ҚМДБ жанындағы «Хикмет» телерадиостудиясы да Мекке және Медина қалаларынан ақпарат таратады. Дөңгелек үстел барысында ақпарат тобына тиісті тапсырмалар берілді. Сондай-ақ уағыз-насихат және пәтуа беру мамандары миссияның мүшесі болып кірді. Оған да себеп жоқ емес. Түрлі дәрежедегі қажыларымыздан келетін сауалдарға пәтуа бөлімінің мамандары жауап береді.

Ал аталған жұмыстардың барлығын бір арнаға тоғыстырушы ҚМДБ-ға қарасты Қажылық бөлімі екенін айта кеткіміз келеді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары