Арыстағы жарылысқа орай Орал облыстық орталық мешітінде арнайы топ «Арыспен біргеміз» атты жасақталды. Мақсаты - Арыстағы жарылыстан зардап шеккен ағайынға көмек қолын созу. Ақжайық халқы да қайырымдылық ісіне белсенділік танытты. Мешіт ауласына жүк көлігі қойылып, қалың жұртшылық қолынан келген көмектерін аямады. Жүк көлігі қасиетті жұмадан кейін Арыс қаласына аттанды.
Облыстағы мешіт қызметкерлері бір күндік еңбекақысын арыстық бауырларымызға көмекке аударуға шешім қабылдады. Сонымен қатар жеке кәсіпкер мен мешіт жамағаттары азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсетті.
Алла Тағала қазаның артын қайырлы етіп, апаттардан аман болып, арыстықтарға сабыр берсін!
Пікірлер