Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Арыс: НАИБ МҮФТИ АРЫСТЫҚ ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ
28 маусым, 2019 жыл 132 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Төрағасы Серікбай Ораздың тікелей тапсырмасымен наиб мүфти Бауыржан Есмахан Арыс қаласына арнайы келді. Алдымен жарылыстан зардап шеккен “Алтай қызы Құралай” мешітінің жағдайымен танысты.

Бұл мешітте әкімдіктің штабы құрылған. Барлық терезесі шағылған.

Атыраулықтар мешіт пен сол жердегі 400-ге жуық үйді жөндеп береді. Бауыржан Есмахан Атырау облысы әкімінің орынбасарымен сұхбаттасып, алғыс білдірді.

Наиб мүфти Жұма уағызында арыстық жамағатпен жүздесті. “Қайырымдылық қайырлы – іс” тақырыбында насихат айтты. Бас Мүфтидің сәлемін жеткізді.

Жұма намазын өзі жүргізді. Жергілікті жамағат Төраға орынбасарына ризашылықтарын білдіріп, қиындықта дін қызметкерлерінің орталарынан табылып жатқанына қуанып қалды.

Бауыржан Әбдірашұлы намаз соңынан ақсақалдармен тілдесті. Арыс қалалық орталық “Ысқақ” мешітінде өкілдік атынан шүкіршілікке ас берілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары