Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Арысқа Жамбылдан жәрдем жолданды
28 маусым, 2019 жыл 112 Басып шығару нұсқасы

Арыс қаласында болған төтенше жағдай күллі қазақ даласын дүр сілкіндірмей қоймады. Үлкен сынақты бастан өткеріп, сұмдық жағдайға тап болған отандастарымыз үшін әрбір қазақ баласы аянып қалып жатқан жоқ. Ел болып #БізАрыспенБіргеміз науқанын бастап, президенттен бастап түрлі ұйымдар, кәсіпкерлер, қызметкерлер 1 күндік жалақыларын аударып, тұрғындар Арыстықтарға асар жинауда. 

Жамбыл жұртшылығы да ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі мен "Зекет" қорының ұйымдастыруымен "Һибатулла Тарази" мешітіне шамасы жеткен көмектерін тасыды. Жамағат жүгіріп ойнаған баладан еңкейген қартқа дейін көмекке азық-түлік, химиялық құралдар, сәбилерге арналған жөргектер сынды барлық керек-жарақты заттай да қаржылай да жинады. 

Өкіл имам Қанат Жұмағұл ұлт болып көмекке ағылған жамағаттың жанында жүріп, қиындыққа ұшыраған ағайындарға жәрдем беруге асыққан көпшілікпен бірге болды.

Асар тек Тараз қаласынан ғана емес, облыстағы барлық аудандардан осында жолданды. Жиналған көмек жүк көлігіне тиіліп, жауапты қызметкерлермен бірге Шымкент қаласына жөнелтілді. 

Шымкентте тиісті орынға табысталып, өңірден барғандар Арыстағы әскери бөлімде болған жарылыстан қаза тапқан азаматтың жаназасына қатысты. Оны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз  жүргізді.

Барша халық бауырларымыз үшін дұға жасауда. Алла тілегімізді қабыл етіп, басқа да апаттардан сақтағай!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары