
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы «Шайба» базарында өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтарға дін мәселесін түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Шара барысында Орталық мамандары Н.Мұратов және Н.Нұрмагамбетов және «Әлеуметтік процесті зерделеу және талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры, дінтанушы Т.Мұстафинамен Көкшетау қаласының өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрғындарымен кездесіп, дін саласындағы мемлекеттік саясатты құқықтық қамтамасыз етудің негізгі аспектілері, діни саладағы қолданыстағы заңнама және оның бұзылуына жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Кездесу соңында ақпараттық бүктемелер таратылды.
Пікірлер