
Тосыннан келген апат Арыстағы ағайынның тыныштығын бұзып, ел басына күн туғанда – бар қазақтың қабырғасы сөгіліп, қосыла қайғырғаны сөзсіз. «Сайдағы арқардың тұяғына тас батса, қырдағы арқардың мүйізі сырқырайтынындай», бүгін бүкіл қазақ жұртының Арысқа қарай алаңдап, қосыла қайғырып отырған жайы бар.
Осы орайда, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС қызметкерлері Арыс қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты біркүндік жалақыларын зардап шеккендерге аударады. Сонымен қатар «Халал сертификатын алған кәсіпкерлер» азық-түліктей және қаржылай өз көмектерін беруді қолға алуда.
Пікірлер