
Сауд Арабия билігі биылғы қажылыққа виза алу жолын оңтайландырды. Әлемнің әр түкпірінен баратын азаматтар енді қажылық визасын электронды жүйе арқылы алады.
Аталған жүйе Рамазан айында тәжірибе ретінде енгізілген болатын. Нәтижесінде ұмраға келушілер саны 30 пайызға артқан.
Өйткені әлемнің кейбір елдерінде Корольдіктің консулдық қызмет көрсету орталықтарының болмауының себебінен қиындықтар болатын. Осыған орай Сауд Арабияның Қажылық және Ұмра мен Сыртқы істер министрлігі бірігіп жаңашылдық енгізіп отыр.
Биылдан бастап елімізден баратын барлық қажылар осы жүйені қолданады дейді ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділла Бекжігітов.
Айта кетейік бұған дейін парызын өтеушілердің құжаттары әр облыстан жиналып, Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілетін. Енді әрбір қажылық фирмалары өз кеңсесінен қажетті құжаттарды рәсімдеп, виза алудың жеңіл түріне қол жеткізбек.
Пікірлер