
"Һибатулла Тарази" медресесінің оқу бітіруші түлектері балалар үйіне барып, қайырымдылық шарасын ұйымдастырып қайтты.
"Жетім көрсең, жебей жүр" демекші, жас түлектер балаларға түрлі ойыншықтар сыйлап, бүлдіршіндерді қуантты. Олар балалармен бірге ойнап, жеткіншектермен сұхбаттасып, әңгіме-дүкен құрды.
Қуаныштан жүздеріне күлкі үйірілген балалар сый әкелген ағаларын жатырқамай тілдесіп жатты. Балалар үйінің қызметкерлері ризашылықтарын білдіріп, жастар дұға жасады.
Пікірлер