Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Бас мүфтидің атына бауырлас елден көңіл айту жеделхаты келіп түсті 
26 маусым, 2019 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың атына Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Мақсатбек қажы Тоқтомушевтан көңіл айту жеделхаты келді.

Жеделхатта 24-маусым күні Арыс қаласында болған жарылыстан қаза тапқан азаматтар мен зардап шеккендердің жайын зор күйзеліспен қабылдағаны туралы айтылған. 

«Бұл орны толмас ауыр қаза. Біз бауырлас Қырғыз елі Жаратушыдан әлемнің амандығын, көрші қазақ халқының тыныштығы мен бірлігін сұраймыз. Ата-анасынан ажырап қалған балалардың тезірек отбасына оралып, қауышуын тілейміз. Енді мұндай апат болмасын деп Алладан дұға етеміз»,- делінген жедел хатта. 

Сондай-ақ Мақсатбек қажы қаза болғандардың отбасы мен жақындарына шын ниетпен көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары