Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
"Арыс, біз біргеміз" акциясы басталды
25 маусым, 2019 жыл 133 Басып шығару нұсқасы

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде "Арыс, біз біргеміз" акциясы басталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл акция барысы «Хабар» және «Qazaqstan» арнасындағы телемарафоннан тікелей эфирде көрсетілді.

Акция аясында Мәдениет және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аудармақ. Осы бастамаға депутаттар да қосылған.

«ҚХА өкілдері мен еріктілер апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге белсенді атсалысуда. Бұған дейін  тұрғындар өз бетімен эвакуцияланғандарға 3 мың құты су таратқан. Шымкентте гуманитарлық көмек жинайтын пункт ашылды», - деді ҚХА мүшесі Әскер Периеев телемарафонда.

Осыған байланысты Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін Облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады. «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері:

Түркістан облысы
Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы, 34 А ғимараты,
Пошта индексі   161200
БСН (БИН)    100440016000 «ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы
ЖСК (ИИК)   KZ7196528F0007014540
БСК (БИК)     IRTYKZKA

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары