
Маңғыстау облысық орталық мешітінде Мұнайлы аудандық Ар-Рахман және Жаңаөзен қалалық Әбіш Қожа мешіттерінде қажылыққа аттануға ниет еткен барша мұсылманға дайындық сабақтары басталды. Дәрісті Мұнайлы аудандық Ар-Рахман мешітінің бас имамы Айдос Муталиев өткізуде.
Сабақ барысында қажылықтың парыздығы турасында уағыз айтылып, сонымен қатар қажылықтың үкімдері мен рәсімдері баяндалатын болады. Сондай-ақ қажылық сапарында ұстанатын талап-шарттар мен тиымдар туралы айтылып, жалпы қажылық парызды қалай өтеу керектігі үйретіледі.
Пікірлер