
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастырған «Жас толқын: Дала семинары» қанатқақты жобасы өз мәресіне жетті. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында киіз үйлі ауылда өткен шараға әр қала, облыс өкілдіктерінен жалпы 80-ге тарта жас қатысып, спорттан, руханияттан ұйымдастырылған шараларға ат салысты.
Жоба аясында жастар ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы, дінтанушы ғалым Мұхан Исахандармен кездесіп, жастар тәрбиесі және руханият тақырыбанда сұхбаттасты. ҚМДБ Жастар ісі бойынша бөлім меңгерушісі Әділет Көпен жобаға бастан-аяқ қатысып, жастармен бірге болды.
ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі атынан Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин жобаға қатысқан жастарға сертификат және жоба сәттерінен жасалған альбомды табыс етті. Сонымен қатар аталған жобаға қолдау білдіріп, жастарды қатыстырған барлық өкілдіктерге «Алғыс хат» жолдады.
Жастар «Дала семинарының» аса қызықты әрі жоғарғы ұйымдастырушылық деңгейде өткендігін айтып, Өскемен аймағы өкілдігіне алғыстарын білдіріп аттанды.
Пікірлер