Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматыда «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр
21 маусым, 2019 жыл 86 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференция қоғамның тұрақты дамуындағы, еліміздің экономикалық және әлеуметтік саяси жаңғыруындағы Елбасының қызметі мен бастамаларының және оның барша әлемде жаһандық қауіпсіздік пен сенім ахуалын жасақтаудағы күш-жігерінің рөлі мен маңыздылығын зерделеуді, Елбасының саяси көшбасшылық феноменін, тұлғаның тарихтағы рөлін одан әрі зерттеуді көздейді. Көптеген отандық және шетелдік сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың посткеңестік кеңістікте тәжірибесі, стратегиялық көзқарасы мен саяси түйсігі жағынан ешкім тең келмейтін саясаткер екендігін, шығармашылық ойлау дарыны, өзінің озық идеяларын тудыруға және оны өміршең етуге бірегей қабілеті ба мықты лидер екенін мойындайды. Конференцияда саяси көшбасшылық феноменіне байланысты саяси, тарихи, экономикалық, құқықтық және басқа да аспектілер келесі бағыттар бойынша қаралады:

1. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан қалыптасуына қосқан үлесі,

2. Елбасының тарихи миссиясы

3. Елбасының жаһандық және аймақтық бастамалары

4. Саяси көшбасшылық феномені: тарихы, ерекшеліктері, өзгешелігі

Маңызды шараны ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кеңесінінің қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы - қоры және Алматы әкімдігі ұйымдастырып отыр. Конференцияға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отыр.



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары