Талдықорған орталық "Иман" мешітінде өңірге қарасты барлық мешіт қызметкерлерінің қатысуымен алқалы жиын өтті. Жиында дін қызметкерінің этикасы, қызмет барысында кездесетін түрлі мәселелер, оқу-ағарту жұмысы, үгіт-насихат тәртібі сынды мәселелер қарастырылды. Жиынға ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы төрағалық жүргізді. Сондай-ақ, жиынға арнайы келген ҚМДБ-ның заңгері Дәулетияр Сағитжан мешіттің ішкі және сыртқы жұмыстары заң аясында қалай болуы керектігінен мәлімет берді.
Талдықорған орталық «Иман» мешітінің наиб имамы Өкен Шынарбек имамның қадір-қасиеті, әдебі, міндеті және жауапкершілігі туралы дәріс жүргізсе, өңірге қарасты Зекет қорының өкілі Сарымолдаев Серік Құсайынұлы Зекет қорының жұмыс барысы жайлы сөз қозғады. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспарына кеңінен тоқталып, имамдарға нақты ұсыныстарды айта келе, тапсырмалар берді.
Жиын соңында өңірге қарасты ауыл имамдарын өкіл имам белсенді қызмет еткені үшін алғыс хат және қаржылай сыйлықпен марапаттады. Ал Ескелді ауданы, Ақынсара ауылдық мешітінің имамы Тұрысбаев Қуатқа елеулі еңбегі үшін шипажайға жолдама табыс етті.
Пікірлер