Жақында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен облыстық дін істері басқармасының қолдауымен Орал орталық мешітінде дін мамандарымен кездесу болып өтті.
Алдымен облыс имамы Еркебұлан Ыбыраймұлы сөз алып, облыстық дін істері басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Азамат Төлепов және дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Арман Нұрахметұлын арнайы таныстырып, облыс көлемінде атқарылып жатқан діни ахуалды баяндап, өткен жылғы қызметімізге оң бағасын бере келе қасиетті айдың құрметіне орай жасалған іс-шаралардың өз деңгейінде ұйымдастырылғанын жеткізді.
Азамат Төлепов пен Арман Нұрахметұлы басқарманың атқарған істерін тілге тиек етіп, атқарылатын жоспарларымен таныстырды. Облыс, қала имам-молдаларының имандылық жолдарына толағай табыс тілеп, ел-жұртты ауызбіршілікке, ынтамаққа шақырып, бірлесіп қызмет істеуге үндеді.
Шара соңында дін мамандарына имам-молдалар сауалдарын жолдады. Өкіл имам БАҚ өкіліне сұхбат берді.
Пікірлер