Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
НАИБ МҮФТИ Б.ӘБДІРАШҰЛЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА РЕСМИ САПАРМЕН КЕЛДІ (ФОТО)
19 маусым, 2019 жыл 97 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан  Әбдірашұлы Шымкент қаласына арнайы іс сапармен келді.

Ресми сапарды Әуелі, Шымкент қаласы, Әл Фараби ауданы «Абдулхамид Қаттани» мешітінде қала имамдарының алты айлық есеп беру семинарына қатысты.

Семинар аясында қаланың бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев атқарылған жұмыстар мен жоспалар туралы баян етті. Сондай-ақ, өкілдік жанындағы түрлі салаға жауапты мамандардың есебі де тыңдалды. Атап айтқанда, мешіт істері мен құжаттарды заңдастыру бөлімінің маманы Қайрат Ерғазиевтың, Зекет бөлімінің маманы Айбек Әзімбаевтың, Халал даму бөлімінің маманы Қазыбек Сарыбаевтың алты ай бойы атқарған жұмыстарын тыңдап, нәтижелі жұмыстарға оң бағасын берді.

Сонымен бірге, наиб мүфти Бауыржан Әбдірашұлы ЖАНТ жұмыстарын күшейтуді тапсырып, мешіт қызметкерлерінің қызметтік этикасы мен тәртібіне де тоқталды.

Семинар барысында өкілдіктің тиісті салаларға жауапты жетекшілеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары