Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Сұлтан: 150 отбасыға азық-түлік таратылды (ФОТО+ВИДЕО)
17 маусым, 2019 жыл 146 Басып шығару нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Мейірімділік мекені» атты дәстүрлі қайырымдылық шарасы өтті. Бірнеше жылдан бері желісі үзілмей жалғасып келе жатқан бұл шара аясында мұқтаж отбасыларға бір айлық азық-түлік қорын таратылды. Елордамыздағы көп балалы және асыраушысынан айырылған, тұрмысы төмен мұқтаж жандарды қамтыған қайырымдылық шарасының шарапаты бұл жолы 150 жанұяға жетті.

Шара барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Марат Бектазинов бастаған мешіт қызметкерлері жамағатпен жүздесіп, рухани қолдау танытты. Құлшылық ордасы атынан азық-түлік қорын табыстап, салмағы зілкөтерем сөмкелерді жеткізіп беруге атсалысты.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан басталғанда «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» жолға шығып, Елордамыздағы мұқтаж отбасыларға азық-түлік қорын үйлеріне жеткізіп беру жолға қойылған болатын. Игі шараға атсалысқан мешіт жамағаты бүгінгі акцияға да өз үлестерін қосып, мұқтаж жандарды тасымалдауға кірісті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары