
ҚМДБ-ға қарасты "Зекет" қорының "Ел үлесі -пəтерге" жобасының аясында 91-ші үйдің кілті Талдықорған өңірі, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында табыс етілді.
Аталмыш баспананы жастайынан жетім өсіп, жұбайы екеуі екі баласымен үйсіз жүрген Оспанов Асхаттың отбасына шаруа қожалық иесі, кәсіпкер Серік Сүлейменов мойнындағы пары - зекеті ретінде сатып алып берді. Сауапты іске себепкер болған бауырымызға Алланың нұры жаусын деген тілек айтамыз!
Құрметті жамағат! Егер Сіздер де «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында көпбалалы отбасыларға қуаныш сыйлағыңыз келсе, ізгі істен қалыс қалмаңыздар! Осы орайда, мұқтаж жанұяларға баспана сыйлау сауабы тоқтап қалмасы мешіттерге арнайы жәшіктер қойылғанынан құлағдар етеміз.
Пікірлер