Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қостанай: «Ел үлесі пәтерге» 84 баспана берілді
13 маусым, 2019 жыл 164 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі - пәтерге» жобасы бойынша 84-ші баспана Қостанай облысы, Арқалық қаласына қарасты Родина елді мекерінде берілді. Бұл баспана нәсіп болған жанұя - асыраушысы жоқ бес баланың анасы Гүлмира Жылқыбайқызына бұйырды.

Бас мүфтидің бастамасымен республика аумағында «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық шарасы аясында осы мұқтаж отбасының баспаналы болуына себепші бола алдық.

Аталмыш – жоба мешіт имамдарының халыққа, жамағатқа түсіндіре жеткізе білген насихаттарының нәтижесінде іске асуда. Бұл сауапты іс-шараға Қостанай облысының барша жамағаты атсалысты.

Сондай-ақ, жаңа қоныс иелеріне Арқалық қаласының әкімі Эльдар Қонысбайұлы теледидар, жеке кәсіпкер «Әділ» дүкені 50.000 теңгенің сертификатын, «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті кілем тарту етті. Ал ауыл әкімі Рүстем Асанханұлы баспана құжаттарын рәсімдеп беретінін жеткізді.

Облыс бойынша аталмыш шараның іске асуына себепші болған Қостанай облысының өкіл имамы Бахытбекқажы Нұрғабылұлы жиналған қауымға қайырымдылық, мейірімділік жайлы тұшымды уағызын айтып, баспана кілтін табыстады.

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары