Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматы мешіттерінде «Адалдық дүкендері» қызмет көрсетуде
13 маусым, 2019 жыл 109 Басып шығару нұсқасы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде бірқатар жобаларды жүзеге асыру үстінде. Соның бірі ретінде, «Адалдық дүкенін» ашу бастамасын қала мешіттерінде іске асыру туралы ұсынысын айтсақ болады.     

Аталған ұсынысқа Алматы қалалық Орталық мешіті мен Ақсай мешіті алғашқылардың бірі болып қолдау білдірді.

Жобаның басты мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және мешітке келуші жамағатқа өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру.

«Адалдық  дүкенінде» мешітке келушілер өздеріне қажетті заттарды сатып алып, ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады.  Яғни, сатушысы жоқ дүкенде затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. 

Сауда орнының басты ерекшелігі де осында, яғни сатып алушылар өзіне тек адалдық принципі бойынша қызмет көрсетеді.



 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары