Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылорда: «Ел үлесі пәтерге» 5 отбасыға қуаныш сыйлады
07 маусым, 2019 жыл 143 Басып шығару нұсқасы

"Жанқожа" мешіті жамағаттарынан құралған «Асыл Иман Ихсан» және ҚМДБ "Зекет" қайырымдылық қорларының бірігуімен «Ел үлесі пәтерге» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда облысы, Қазалы ауданында 5 бірдей отбасы баспаналы болды.

Қасиетті Ораза айт мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысқан ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы, ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының облыстағы өкілі О.Жидебаев, Қазалы ауданы әкімі М.Ергешбаев, «Асыл Иман Ихсан» қайырымдылық қорының төрағасы С.Аралбаев жиылған халықты айт мейрамымен құттықтап, жаңа пәтердің кілтін табыстады.

1000 шаршы метр құрайтын жаңа пәтерге шамамен 10 миллионға жуық қаржы жұмсалған. 

Өкіл имам Б.Абуов өз кезегінде мұқтаждың мұңын ұғып, қамқорлық жасап жүрген «Жанқожа батыр» мешіті жамағаттарынан құралған «Асыл Иман Ихсан» қайырымыдылық қоры секілді ауданның жомарт азаматтарына алғыс білдіріп, ізгі лебізін жеткізді. Шара соңында бірқатар белсенді азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

Бұдан кейін аудандағы «Жанқожа батыр» орталық мешітінде әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 40 отбасыға бір айлық азық-түлік үлестірілді. Мейірімділік акция аясында көмек алған жандар ұйымдастырушыларға дән ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары