Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қордайдағы қос қуаныш
06 маусым, 2019 жыл 137 Басып шығару нұсқасы

Ұлық мереке ораза айт күні аудандық «Қордай» мешітінде тағы да бір қуанышты жағдай орын алды. Аудан әкімі Болатбек Байқонысұлы Байтөле кәсіпкерлердің басын қосып, мешіт игілігіне көлік сыйға тартты.

Аудан жетекшісі: «Осы жылы ауданымызда орналасқан барлық 60 мешіттің құжаттары толық заңдастырылып, ҚМДБ тарапына толығымен өтті. Аудандық мешіт бастамасымен әртүрлі әлеуметтік топ өкілдеріне қайырымдылық көмектері көрсетіліп келеді. Мінекей, осы жайттарды ескере отыра, алдағы қойылған мақсаттары сапалы және  уақытылы атқару үшін өз ауылының жанашыр жігіттердің басын қосып, осындай сыйлық жасаудамыз» - деп ізгі лебізін білдіріп, бас имам Д.Жандосұлына тұлпар кілтін тапсырды. 

Осы күнгі қуаныш осымен аяқталмай, бас имам өтініші бойынша аудандық мешіттің төменгі қабатын жөндеу жұмыстарына аудандағы ел ағалары өз үлестерін қосатыны жөнінде жиналған басшылық өз жоспарларымен бөлісті. Бас имам Д.Жандосұлы өз кезегінде аудан басшылығы мен демеушілерге алғысын жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары