Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ораза ұстаған ақтөбеліктер шылым шегуді тастаған
06 маусым, 2019 жыл 102 Басып шығару нұсқасы

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда ораза тұту темекі тартуды бірден қойып кетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Шылымқорлық – әлемдегі ең үлкен зиянды әдеттердің бірі. Қазіргі таңда әлемдегі әр төртінші еркек пен әр жиырмасыншы әйел никотинге тәуелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен көптеген елдер онымен күресіп келеді. Өкінішке қарай, темекі мен сигара бағасын көтеру, темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салу, тіпті, қоғамдық орындарда шылым шегуді шектеу де әзірге оңды нәтиже бермей тұр.

Дегенмен дәрігерлердің айтуынша, соңғы жылдары белең алып келе жатқан ораза тұту үрдісі ақтөбеліктердің өмір сүру салтын өзгерте бастады.

Алайда оның айтуынша, ораза ұстау – бұл темекі шегуден арылуға көмектесетін бір де бір амал емес. Себебі оразаны тұтуға әркімнің шыдамы мен жігері жетпейді.

Ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын ауруханаға жататын тұрғындардың 68 пайызы немесе 2 миллионға жуық адам – шұғыл жағдайда жеткізілгендер. Былайша айтқанда, әрбір оныншы адам өміріне қауіп төнбейінше емдеу мекемелерінің табалдырығынан аттамайды деген сөз. Ал, өлім-жітім жағынан алғашқы орында тұрған жүрек-қан тамыры аурулары, тыныс алу органдары аурулары мен қатерлі ісіктің қай-қайсысы да шылымқорлық салдарынан болатын дерттер.

Дәрігерлердің сөзінше, науқастар өз денсаулығына өте салғырт қарайды. Скрининг нәтижесінде дерт анықталса да, тек ауруы әбден асқынғаннан кейін ғана емханаға келеді екен.

Шын мәнінде, егер ағзаның ішкі органдарын жыл сайын тексеріп отыратын болса мұның алдын алуға болар еді, дейді мамандар. Темекі шегетіндер үшін жүрек пен өкпені тұрақты бақылауда ұстаудың аңызы зор. Оның үстіне, мемлекет халыққа жәрдем ретінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетін ұсынады. Аталған пакетке жалпы практика дәрігерінің қабылдауы мен консультациясы, көздің көру қабілеті мен көз қысымын тексеру, қандағы холестерин, глюкоза деңгейін тексеру үшін қан тапсыру, электрокардиограмма, флюорография, спирография сынды қызметтер кіреді. Организмде шылымның салдарынан болып жатқан өзгерістер мен ауытқуларды осы процедуралар арқылы ертерек анықтауға болады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары