Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақжайықта айт намазы оқылды
05 маусым, 2019 жыл 91 Басып шығару нұсқасы

Ақжайық жамағаты айттың алғашқы күні “Орал” орталық мешітіне жиналып, айт намазына қатысты. Айт намазы Оралда таңғы сағат алты отызда оқылды. Құлшылық етуге келген халықтың көптігі соншалық, қаладағы ең үлкен мешітте ине шаншар орын қалмады.

Ақжайық жұртын Ораза айт мерекесімен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы құттықтады.

Айт намазы оқылып болған соң мешіттің ақсақалы Ғұмар Құрақов жиналған жамағатқа амандық, елге тыныштық береке тілеп, дұға жасады. Төс түйістіріп бірін-бірі құттықтаған жамағат бауырмалдықтың үлгісін сабақтастырды.

Айт намазы қала, аудан, ауыл мешіттерінде өз жалғасын табуда.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары