Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодарда жалғызбасты анаға пәтер берілді
05 маусым, 2019 жыл 131 Басып шығару нұсқасы

Павлодар өңірініде барлық мешіттерде Ораза айт намазы таңғы сағат 07.00 де басталды. Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» зәулім мешітінде өкіл имам Жолдас Қоспақұлы уағыз жүргізді. Өкіл имам барша жұртты Айт мерекесімен құттықтап: «Ардақты ағайын. Мінекей, мейірімі шексіз Алланың қалауымен қасиетті Рамазан айын өткердік, ұлық мереке – Ораза айтына да жеттік. Сіздерді шын жүректен осы бір ерекше күнмен құттықтаймын. Бұл иісі мұсылман жұрты үшін құрметті болған, қадірлі һәм қасиетті мейрам. Бүгінгі шара – сіздердің, халықтың осы мерекені шынайы сезініп, ықыласпен тойлатып, дүбірлетіп, мәз-мейрам, шат-шадыман күйде өткізсін деген ниетпен жасалып отыр. Мерекелеріңіз мүбәрак болғай,- деді.

Келесі кезекте өкіл имам «Ел үлесі-пәтерге!» науқаны бойынша Павлодар облысы жамағаты атынан көп балалы, жалғызбасты анаға Ақсу қаласынан толық жөндеуден өткен, үй жиһаздарымен жабдықталған 3 бөлмелі пәтер кілтін табыс етіп, осы сауапты шараның жүзеге асуына барынша үлес қосқан жамағат қауымына ерекше алғысын айтты.

Ай бойы Алланың разылығы үшін ашқұрсақ жүріп, көзді харамнан, құлақты өсек тыңдаудан, тілді ғайбат сөйлеуден тиып, көңілі тазарған мұсылман Алла Тағалаға сансыз шүкіршілік ретінде Ораза айты күні екі рәкат намаз оқып, тәкбір айтып, дұға жасады.

Ұлық мерекеде мерейіміз тасып, келесі жылға аман - есен жетейік! Ораза Айты құтты болсын!

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары