
Үстіміздегі жылдың 31-ші мамыр күні қасиетті рамазан айының құрметіне ЖаңаАрқа өлкесінің «Халық» мешітінде ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының сарапшы-технолог маманы Бақытқызы Арайгүлді арнайы шақыртумен «Күмәнді қоспаларды қалай анықтаймыз?!» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Бір жарым сағатқа созылған семинар барысында күмәнді қоспалардың түрлері мен олардың қолдану аясы жайлы кең түсіндіріліп, арты сұрақ-жауапқа ұласты. Семинар соңында маманымызға ЖаңаАрқа жұртшылығының атынан ризашылық білдіріліп, алғыс хат табысталды.
Сонымен қатар, алдағы уақытта аталмыш бағыттағы семинарлардың жиі ұйымдастырып тұруға, серіктесе жұмыстар атқаруға ниет білдірілді.
Пікірлер