
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен бастау алған "Рамазан керуені" акциясының Түркістан облысындағы легін аудандық мешіттер аяқтады. Игі іске ұйытқы болған және қолдау көрсеткен азаматтарға жұртшылық ризашылықтарын білдіруде.
Түлкібас ауданында орталық мешіттің ұйытқы болуымен 170 отбасыға көмек берілді. Атап айтсақ, азық-түлік және тұрмыстық керек-жарақтармен қамтамасыз етілді. Ауданның бас имамы Мағаз Серік қол ұшын созған Түлкібастың игі жақсыларына басшылық атынан алғыс айтып, қайырымдылықтардан шет қалмауға шақырды.
Пікірлер