Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БҚО: Бөрлі аудандық мешітінде Бас мүфти атынан ауызашар берілді
04 маусым, 2019 жыл 124 Басып шығару нұсқасы

Бөрлі аудандық мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан ауызашар берілді.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған ақ дастархан басында Орал орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов қонақтарға Бас мүфтидің игі тілегін жеткізіп, мүбарак рамазан айымен құттықтады.

Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Жакенов ауызашар дастарханына жиылған жамағатқа өз алғысын білдіріп, Алла Тағала құзырында дәрежесі ерекше болған қасиетті рамазан айымен құттықтап, Бөрлі аудандық атқарылған шаралар мен бастамалар туралы баяндады.

«Рамазан – жақсылықта жарысатын ай. Берекелі айда әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылады. Осы ретте барша жамағатты қайырымдылық іс-шараларға белсенді атсалысуға, көпбалалы жанұяларға қолдау көрсетіп, қариялар мен мүгедек жандардың, жалғыз басты аналардың батасын алып, алғысына бөленуге, жетімдер мен науқас адамдарға қамқорлық жасауға шақырамын», - деді аудан имамы.

Ауызашарға қоғамдық ұйым жетекшілері, зиялы қауым өкілдері, ардагер ақсақалдар, өнер адамдары, жеке кәсіпкерлер мен мешіт жанашырлары, БАҚ өкілдері және белсенді жастар қатысты.

Сондай-ақ, берекелі һәм мерекелі ақ дастархан басында Бөрлі аудандық мешітінің жамағаты Рахымжан Бисенғалиев өзінің және аудан халқының атынан Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлына алғысын білдірді.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары