1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі өкілдігі Жастар ісі бөлімі арнайы бағдарлама әзірледі.
«Алтын жан» еріктілер орталығымен бірлесе Талдықорған қаласының «Статус» мейрамханасында мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер ойын-сауық шоуына қатысып, ойыншық сыйлықтар алды. Одан соң 3 үлкен лимузинге отырып, қаланың көрікті жерлерін серуендеумен орталық саябақта аттракциондарда көңілді уақыттарын өткізді.
Бүлдіршіндерге арнап Бикен Римова атындағы облыстық драма театрында "Құстар фестивалі" атты ертегілік спектакль қойылды. Театр актерлары балаларға құстар әлемінен ертегілер кейіпкерлерін сомдап, көңілдерін бір көтеріп тастады.
Ал, қойылымнан соң жиналған 500-ден астам бүлдіршіндерге өкілдіктің Жастар ісі бөлімі және «Алтын жан» орталығының еріктілері тегін балмұздақ таратты.
Пікірлер