
Маңғыстау облыстық орталық мешітінде облыс әкімі Ералы Тоғжанов қасиетті Рамазан айында дін қызметкерлеріне және ауыз бекіткен жергілікті мешіт жамағатына ауызашар берді.
Мешіт ауласына 6 киіз үй тігіліп, барлығы 160 адамға ауызашар мен сәресі берілді. Сонымен қатар облыс әкімі атынан асыраушысынан айырылған және аз қамтылған 55 мұқтаж отбасыға бір айлық азық- түлік тарқатылды.
Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков дастарханнан ауыз ашқан жамағат атынан ризашылығын білдіріп, рамазан айында берген ауызашар мен қайырымдылық шаралардың қабыл болуын Алладан тіледі.
Пікірлер