
Рамазан айының қасиетті жұмасында Орал орталық мешітінде 31 мамыр саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарына арнап дұға бағышталды. Бұл күн тарихымызда сонау бір зұлмат жылдары жазықсыз атылып, жер аударылып, аштыққа ұшырап құрбан болған ата-бабаларымызды еске алу күні болып жылма-жыл аталып өтіледі. Бұл үрдіс біздің мешітімізде де жылда жалғасын тауып келеді.
Орталық мешітінің наиб имамы Мұратбек Қыстаубаев сөз алып, кезінде жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларымызға рухы әрқашан ұрпақтарымыздың есінде болуы керек екенін айтып өтті.
Оразадан –оразаға аман-сау жете берейік, бауырлар!
Пікірлер