Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БҚО: Облыс әкімінің ауызашары
01 маусым, 2019 жыл 132 Басып шығару нұсқасы

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов қасиетті Рамазан айының Қадір түні қарсаңында облыстық «Орал» орталық мешітінде ауызашар берді. Ауызашарға Орал қаласының құрметті азаматтары, аталар мен әжелер, жалынды жастар, балғын балалар, мешіт жамағаты т.б. барлығы 800 адам қатысты.

Дастархан басында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов көпшілікті сағына күткен қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап: «Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!», - деп тілек айтса, Орал орталық мешітінің жанындағы «Ақсақалдар» алқасының орынбасары Ғұмар қажы Құрақов ақтілегін арнады. Ауызашар соңында да Құран оқылып, ел тыныштығы үшін дұға жасалды.

«Орал" орталық мешітінің наиб имамы Мұрабек Қыстаубаев Рамазан айының қасиеті, қадір түні, ораза тұтудың парыз туралы уағыз-насихат айтса, облысымыздың ақсақалдар алқасының мүшесі Амангелді Абдрахманов Рамазан айы мерекесімен құттықтап, жиналған қауымды береке-бірлікке шақырды.

Түрік елінен келген Женгиз Гүлһан қариға облыс имамы иығына шапан жапты.

Жиналған жамағатқа сәресі беріп, таң намазынан кейін қуанышты көңіл-күймен тарасты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары