Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Семей қала әкімі ауызашар берді
01 маусым, 2019 жыл 110 Басып шығару нұсқасы

Міне, мұсылман қауымның ерекше қуанышпен қарсы алатын Қадір түні қарсаңында Семейдегі Қос мұнаралы орталық мешітте қала әкімі Ермак Сәлімов ауызашар берді. Ауызашар беру сауапты амал. Ораза тұтқан кісілерге берілетін болса, сауабы Алладан болары хақ, яғни ораза тұтқандардың сауабындай сауап алады. Арнайы дайындалған ауызашарға жүзден астам адам жиналды. Семейліктер өздеріне осындай тамаша мол дастархан жайған қала әкімі Ермак Бидахметұлына шексіз ризашылығын білдірді. Ақсақалдар ақ батасын берді. Қарапайым халық қала әкімі Ермак Сәлімовке Алланың нұры жауып, Рамазан айында тілектері қабыл болсын деп разылықтарын жеткізді. Семейдегі Қос мұнаралы Орталық мешіт наиб имамы Елбек Қожамұратов, жиналған халыққа Қадір түнінің қасиеті жәйінда уағыз насихат айтты. Ауызашарға «Ақылдастар» ауыл ардагерлері бірлестігінің төрағасы Сағындық Бейсенбаев бастаған ақсақалдар және қаладағы «Semei», ТВК-6 телеарнасының ұжымы, зиялы қауым мен ақжаулықты апа-әжелер, жалпы ораза тұтқан барша мұсылман қауым жиналды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары