Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Елордадағы «Al Baraka» мейрамханасы халал сертификатын алды
30 мамыр, 2019 жыл 119 Басып шығару нұсқасы

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Al Baraka» мейрамханасы ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының сертификатын алды.

Рамазан айының соңғы күндерінде сертификатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, халал өнімдерін стандарттау бөлімінің кураторы Бауыржан Әбдірәшұлы табыстады.

Аталмыш мейрамхана басшылығы тарапынан түскен өтінішке орай бір апта көлемінде тексеріс жұмыстары жүргізіліп, халал мейрамхана атына лайық деп танылды.

Осымен Нұр-Сұлтан қаласындағы халал сертификатын алған мейрамханалар мен дәмханалардың саны 40-қа жетті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары