
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты "Зекет" қорының "Ел үлесі- пәтерге" жобасы аясында кезекті 63-ші және 64-ші үйлер Талдықорған өңіріне қарасты Алакөл ауданы, Үшқайың ауылынан 8 балалы Жазыбеков Арман есімді азаматтың отбасына, ал бір баспана Панфилов ауданы Еңбекші ауылындағы 5 балалы Мухаев Еркінтайдың отбасына табыс етілді.
Айта кететін жайт, аталмыш үй сол ауылдың имамы Қ. Арыстанбаев пен шаруа қожалық иесі Б. Көшербаевтың берген зекетіне алынды.
Зекет беріп, жобаға жәрдем етіп жүрген барша жамағатқа алғыс білдіреміз.
Пікірлер