Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодар: Өкіл имам жас түлектерге бата берді
27 мамыр, 2019 жыл 152 Басып шығару нұсқасы

Өкіл имам Жолдас Қоспақұлы биылғы оқу жылында  Павлодар қаласы мектептерінің 9-сынып және 11-сыныпты бітіруші бір топ жас түлектерді «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде қабылдады. Өкіл имам түлектерді алдағы үлкен өмірге қадам басуымен құттықтай келе, өмірдің күрделі де даңғыл жолында адаспай жүру үшін имандылықты серік етуді, бір сәтте болсын Жаратушы Алла Тағалдан қол үзбеуге  шақырды.

"Құрметті жастар, түлектер!«Үлкен өмірге қанат қағып барасыңдар. Қанаттарың талмасын, биіктерге шырқаңдар! Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол! Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – Сендерсіңдер. Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңе тілектеспін!",-деді.

Сонымен қатар, адамзатты имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін асыл дініміздің білім ордасы болған «Нұр Мүбарак» қазақ-египет ислам университеті және медреселерде білім алудың  ел руханиятының дамуына қосатын мол үлестері туралы түсіндіріп айтты.

Соңында түлектерге: "Сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар!,-деп батасын берді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары