Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Түркістан: Рамазан керуеніне үлес қосты
27 мамыр, 2019 жыл 122 Басып шығару нұсқасы

Елордадан бастау алған "Рамазан керуеніне" Түркістан облыстық өкілдігі мен аудандық мешіттер үлес қосып жатыр. "Зекет" қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық мешіт пен Қазығұрт ауданы "Ысмайыл ата" мешітінде 100 отбасыға көмек көрсетті. Ал, Кентау қаласында 300, Төлеби ауданында 50 жанға азық-түлік, тұрмыстық керек-жарақтар үлестірілді.

Ауқымды қайырымдылық шаралары жоспарға сай, белгіленген кесте бойынша аудандық орталық мешіттердің барлығында жүзеге аспақ. Рамазан айы басталғалы ауылдық деңгейдегі мешіттерде де мұқтаж отбасыларға үздіксіз жәрдем беріліп келеді. Облыс бойынша мыңнан астам адамға Рамазанның ризығы жеткізілді.

Игі істің басы-қасында болған наиб Мүфти Алау Әділбаев демеушілік еткен кәсіпкерлермен сұхбаттасып, Мүфтият атынан алғыс білдірді. Сондай-ақ, көмекке қолы жеткен аналарды Рамазан айымен құттықтады.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары