
Рамазан айының 18-ші күні «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде бір топ кәсіпкер азаматтар бірлесіп ауызашар дастарханын жайды. Ауызашарға мешіт жамағаттары, қалалық мүгедектер ұйымы, зағиптер ұйымы, зиялы қауым өкілдері, Павлодар қаласының құрметті азаматтары, студенттер, жастар өкілдері, ардагер аталар мен апалар барлығы 500 адам қатысты.
Ауызашар дастарханында ҚМДБ-ның өкілі, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің бас имамы Жолдас Қоспақұлы қасиетті Рамазан айындағы ораза құлшылығы туралы кең көлемде қазақ және орыс тілінде тағылымды уағыз айтты.
Өкіл имам сөзінің соңында осыншама адамды қамтыған мол дастархан жайып, қасиетті рамазан айында «Алла ризашылығы үшін!» деген шын ниетімен сауаптарын еселеп жатқан өңірімізге танымал жас кәсіпкерлерге ҚМДБ Павлодар облысының өкілдігі атынан арнайы «Алғыс хаттар» табыс етті.
Сондай-ақ, ауызашарға қатысушылар қашан да осындай игі істердің ұйытқысы болып келе жатқан мешіт ұжымына да алғыс білдірді.
Дастархан соңында дүниеден өткен ата-бабалар рухына Құран бағышталды.
Пікірлер