
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім аудандық орталық мешітінде Ким Эдуард есімді кәріс азаматы 250 адамға ауызашар берді.
Ақ дастархан басында К. Эдуард сөз сөйлеп: «Адамгершілік құндылықтар барша адамзатқа ортақ асыл қасиет. Барлық адам тек ізгіліктің жаршысы болуы тиіс деп ойламын. Исламдағы имани құндылықтар адам баласына үлкен өнеге» дей келе, бауырмал, қонақжай қазақ ұлтын сыйлап, дәстүрлі исламды құрметтеп ауызашар беріп отырғандығын жеткізді.
Күршім ауданының бас имамы Тілейбек Соянұлы ауызашар дастарханын жайған Ким Борисұлына мешіт жамағаты атынан алғыс білдірді. Аузашарға жиналған халыққа әдеттегідей тегін такси қызмет көрсетті.
Пікірлер