
Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Орал қаласындағы Тәжиден Батырұлы мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан - рухани жаңғыру айы» атты тақырыбы аясында кітап көрмесі ашылды.
Кітап көрмесінің мақсаты - рамазан айының қасиетін айтып, жас ұрпаққа рухани-тәлімдік тәрбие беру, жастарға Ислам дінінің негіздерін түсіндіру, имандылыққа, адамгершілікке шақыру.
Көрмеге ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың «Ұлы Дала төсіндегі Ислам», Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен дәстүр», Әбсаттар Дербісәлінің «Қазақстанның мешіттері мен медреселері», Қайрат Құрманбаевтың «Құран ілімдеріне кіріспе», «Дін мен діл» және тағы да басқа кітаптар қойылды.
Пікірлер