Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Елорданың белсенді жастары Рамазан шатырында бас қосты
22 мамыр, 2019 жыл 93 Басып шығару нұсқасы

«Нұр Астана» мешітінде астаналық жастар ұйымдарының белсенді жетекшілері бас қосты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз үстіміздегі жылды «Ислам және жастар жылы» деп атағаны белгілі.

Осы орайда «Нұр Астана» мешіті астаналық белсенді жастардың басын қосып, ауызашар берді. Атап айтар болсақ, «Жас Отан» ЖҚ, Қазақстан студенттер альянсы, «Болашақ» стипендиаттар ассоцияциясы, Қазақстанның Жастар конгресі, ҚР әскери күштерінің әскери-патриоттық орталығы, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық ұйымы, Назарбаев Университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және тағы басқа жастармен жұмыс істейтін ұйымдар мен елордалық жоғары оқу орындарының жастармен жұмыс бөлімінің жетекшілері келді.

Ғанибетке толы отырыс барысында «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы еліміздің екпінді жастарымен келелі әңгіме өрбітіп, рухани серпіліс мезгілі саналатын рамазан айының қадір-қасиеті мен қазіргі жастар өмірінде руханияттың маңызы жайлы айтты. Еліміздің ертеңгі үміті саналған жастар да өз көкейінде жүрген сауалдарын сұрап, руханият жайында пікірлерімен бөлісті.  


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары