Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қостанай: «Рамазан сыйы»
21 мамыр, 2019 жыл 115 Басып шығару нұсқасы

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық акциясы өтті. Аталмыш іс-шара жайлы мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев жан-жақты тоқталды. Ол: «Баршаңызға мәлім, Рамазан - бұл берекелі ай, қайырымдылық пен қамқорлық айы. Сондықтан осындай сауаптар еселенетін керемет маусымда көңілі жабырқаған мұқтаж жандарға жәрдем беру мақсатында ұйымдастырылып отырған игілікті іс. Мұндай сауапты іске кәсіпкер бауырларымыз демеушілік жасап отыр»,- деді.

Көпке үлгі боларлық игілікті шарада әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы 30 отбасына қайырымдылық пакеттері таратылды. Мұндай қайырымдылық бастамалар өңіріміздің барлық аудандық, қалалық мешіттерінде жалғасын табады деген үміттеміз.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары